АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты атпақ болған күдіктіге ресми айып тағылды. Бұл туралы 24.kz BBC телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Райан Раут 15 қыркүйекте Трамптың гольф-клубының жанында ұсталған болатын. Сол жерден оптикалық дүрбісі бар автомат, экшн-камера мен басқа да заттар салынған 2 қапшық табылды.
Күдікті көлікке мініп қашпақ болған. Бұған дейін Раутқа заңсыз қару ұстады деген айып тағылып, 20 жыл бас бостандығынан айыру және 500 мың доллар айыппұл төлейді деген хабар тараған. Енді жаңа айып бойынша өмір бақи түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін.