Атырау, 24 қараша 14:14
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеме жасады

414 просмотра
Коллаж: Главред, фото: t.me/V_Zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде соғыстың аяқталуы туралы келіссөз қалай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«БЕЙБІТШІЛІК ФОРМУЛАСЫ»

Зеленский соғыс келіссөзбен аяқталатын болса, өзі ұсынып отырған «бейбітшілік формуласы» аясында ғана жүзеге асуы керектігін мәлімдеді. Оны Мәскеу қабылдамайды. ВВС мәліметінше, Украинаға жақтасып отырған Батыстың өзі кейде оны тым жоғары талап санайды.

Украина президенті «бейбітшілік формуласы» БҰҰ Қарарының негізінде жасалғанын айтып, Мәскеудің ығына жығылу тұрғысындағы бейбітшілік жоспарына көндірмек болып жүрген кей елдерді сынады.

«БҰҰ-НЫҢ БІР ҒАНА ҚАРАРЫ БАР»

«Біз үшін БҰҰ Қарарының әлемнің түрлі бөлігіне арналған түрлі нұсқасы жоқ. Бізде аймақтық «квазиқарар» жоқ. БҰҰ-ның Брикс үшін, G7 үшін бөлек Қарары жоқ. Ресей-ирандық Қарары, қытай-бразилиялық қарары да жоқ. БҰҰ-да бәрін біріктіретін, біріктіруге тиіс бір ғана Қарар бар» деді Зеленский.

Зеленский сөзінде, Ресейді бейбітшілікке мәжбүр ету керектігін кезекті рет қайталады.

«Осы соғыстағы жалғыз агрессор, БҰҰ Қарарын бұзып отырған жалғыз елді бейбітшілікке мәжбүрлеу керек» деді ол.

Сондай-ақ ол Иран мен Солтүстік Кореяны Ресейдің «сыбайластары» деп айыптады.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ

Украина президенті ресми сапармен жексенбіден бері АҚШ-та жүр. Ол АҚШ президенті Джо Байденге, Конгресс мүшелеріне, президенттікке кандидат Камала Харрис пен Дональд Трампқа украиналық «жеңіс жоспарын» таныстырмақ.

ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ

Times мәліметінше, Владимир Зеленский Джо Байденге ұсынатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұрады.

- батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;

- аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;

- белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;

- Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.

Сондай-ақ Зеленский Байденнен президент сайлауында Дональд Трамп жеңсе, Украинаны тиімсіз бейбітшілік келісіміне мәжбүрлемейтін «қауіпсіздік кепілін» талап етпек.

25 қыркүйек, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.