Атырау, 25 қыркүйек 14:10
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Халықтық штаб мүшелері ҚХА және мәдениет өкілдерімен кездесті

78 просмотра
Фото: Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабы

Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен және  мәдениет саласының өкілдерімен атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп азаматтар тарапынан АЭС-ке қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып өз көзқарасын білдіруге кез-келген азамат құқылы»,-деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нуркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

«Өздеріңізге белгілі еліміздің электр қуатына деген тауелділігі жыл санап артпаса кемімейді. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне де жол ашады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығындыларын азайтып, елдің экологиялық беделін арта түсуіне ықпал етеді. Бастысы, атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек»,- деді спикер Аскерхан Хуанбай.
Бүгін, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.