Атырау, 23 қараша 17:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкеліңдер күймені!

11 548 просмотра

7 шілдеде Махамбет көшесімен келе жатып, кенеттен қарсы алдымнан әдемі желісті ат жегілген атам заманғы күймені көрдім. Отырғышында басына кең жиекті қалпақ киген, қолына қамшы ұстаған ат айдаушы отыр. Күйме ішінде жолаушылары бар.

Бұрылып алып, соңдарынан ердім. Келе жатып мұндай экипаждар туралы білгендерімнің бәрін есіме түсірдім. Ертеде арбамен жүретін, ал күймені дайындап қою қажет болатын. Күймені өзінің материалдық жағдайымен мақтанғысы келетіндер қолданатын. Ал көшпенді халықтарда ертеде күймелі арба болды. Бұл көшпелі баспана секілді, тек оның отыратын жері жоқ.

Экипаж Жилгородоктың соңғы аялдамасына тоқтаған кезде, ішімді қыжылдатқан әуестігімді басу үшін жақындап келдім:

- Кешіріңіз, сіз «таксисіз» бе?

- Жоқ, бүгін мереке – астана күні мен президенттің туған күні ғой. Достарымды қыдыртып, көлігімді жүргізіп көрмек болдым, - дейді өзін Асланбек Жанбалаевпын деп таныстырған ат айдаушы. Асекең күйменің Польшадан тапсырыс бойынша дайындалғанын, 18 ғасырдағы экипаждың үлгі етіп алынғанын әңгімелеп берді. Дөңгелегі ағаштан жасалған, ал жұмсақ салоны былғарымен қапталыпты. Күйменің артындағы орында жүктерге арналған жәшік бар. Бүйірлерінде қараңғы кезде жағуға арналған шамдар ілулі тұр.  Бейнебір Күлшеқыздың ертегісінен келгендей!

Қарамай секілді жылтыраған желісті ат Осмос жалпы көлік қозғалысымен үйлесе кетіп, көлік жолының бойымен батыл қадаммен, сәндене, тұяғы тарсылдап желіп барады. Күйме жол қозғалысы ережесін сақтап қозғалды, бағдаршамдарға тоқтап, таң қалған жаяу жүргіншілерді өткізді. Таксистер қапылып асыққандарына қарамастан, шыдамдылық танытып, Осмостан асып озбауға тырысты.

Күймеде серуендеу құны қанша тұратынын және оған туған күн немесе басқа шаралар үшін тапсырыс беруге бола ма деп сұрадым. Асекең әзірге тек көлікті сынап көру үшін шығарғанын қайталады.

Қазір сұлы арзан емес, сондықтан да бұл қызмет арзан бола қоймас. Бірақ қаламызда сұрқай тартқан күнделікті күйбің тірлікке азғана болса да ертегінің ғажайып әлемін сыйға тартатын адамдардың бар болғаны қандай жақсы деген ойға қалдым.

 

 

 

 

 

 

 

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Сурет пен бейнежазбаға түсірген автор

9 шілде 2013, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.