25 қыркүйек сағат 03:03-те Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерде 74 ш. м. алаңда өрт болуына байланысты шақырту түсті, деп хаюарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.
"Өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу", - делінген хабарламада.
Шақыртуға Атырау облысы ТЖД 17 құтқарушы, 4 бірлік техника және АМО 3 қызмеркер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.