Атырау, 25 қыркүйек 12:18
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы төмендеп, күн суытады

86 просмотра
Фото:freepik.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, антициклонның әсерінен тұрақты ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде, таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін суытады, кей жерлерде топырақ беті қатып, үсік жүруі мүмкін. Жел екпіні күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 25 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 25 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 25 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 25 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шыңысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 25 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 25 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, областың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 25 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 25 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 25 қыркүйекте күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 25 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 25 қыркүйекте түнде найғазай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 25 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 25 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 25 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

24-25 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 24-25 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 24-25 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде Абай облысында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

25-27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, 26-27 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте түнде ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысында ауа температурасының 2-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Бүгін, 08:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.