Атырау, 23 қараша 00:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Миялыға су құбыры тартылады

1 119 просмотра

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында жазғы су құбырының болмауынан жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып жүрген болатын.

- Бұрын жазғы су линиясы болған, оның істен шығып қалғанына да бірнеше жыл болды. Бұл туралы түрлі жиында мәселе де көтергенбіз, шағым да түсірдік. Нәтиже жоқ, -дейді тұрғындар. 

Жуырда бұл мәселенің түйіні шешілу мүмкіндігі туыпты. Бюджеттен 366 млн теңге қаралып, осы жылдың қыркүйегінде мердігер "НСК МВМ Construction" ЖШС жазғы су құбырын жүргізуді бастап кетті. Жалпы ауылда 14,1 км жазғы су құбыры тартылуы тиіс.

Аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Дулат НЫҒМЕТОВТІҢ айтуынша, жұмыстар аяқталғаннан кейін халыққа су Ойыл өзені бойындағы қалқымалы су айдау станциясы арқылы берілмекші. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

25 қыркүйек, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.