«Дана Сай» ЖШС-нің тапсырысымен Құлсары теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Ауданы 211,4 шаршы метрді құрайтын ғимарат заманауи үлгіде жаңартылмақ.
Жұмыстардың нәтижесінде вокзал аумағы абаттандырылып, шағын сквер салынады. Сонымен қатар, перронға дейінгі жол жөнделіп, жарық шамдары орнатылады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін ескі пандус та ауыстырылады.
Күрделі жөндеу келер жылдың І тоқсанында аяқталады деп күтіліп отыр. Оған дейін жолаушылар ескі вокзалдан қатынайды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА