Атырау, 22 қараша 00:51
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Ұлыбританияда бірнеше қаланы су басты

274 просмотра

Англияның кейбір аймақтарында бір айлық жауын-шашынның мөлшері небәрі 24 сағатта жауып, кең көлемді су тасқынына алып келді. Әсіресе елдің орталық және оңтүстік аймақтары қатты зардап шегіп отыр, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

 Оксфорд, Рединг және Бат қалаларындағы нөсер жаңбырдың деңгейі 120 миллиметрге дейін жеткен. Өзендер арнасынан шығып, метеорологиялық қызмет төтенше жағдай жариялады. Мектептер жабылып, халық үйлерінен көшіп жатыр. Көлік қозғалысы да тоқтады.

Кит Гарвуд, тұрғын:

Кеше түнде қатты жаңбыр жауып, өзен көтеріле бастады. Үйіміз су астында қалды. Біз осында 2013 жылы көшіп келгелі мұндай кең көлемді табиғат апаты болмаған.
24 қыркүйек, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.