Атырау, 24 қыркүйек 18:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Кассациялық соттың жұмысы келесі жылы шілдеде басталады – Тоқаев Малаховты қабылдады

53 просмотра
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланған.  

«Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын айтты. Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды», - деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.

Бүгін, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.