Атырау, 11 қаңтар 04:51
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Атырау маңында жер сілкінісі болды

1 208 просмотра

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының желілік стансасы 2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 14:20-да (Гринвич уақыты бойынша 09:20 минутта) Батыс Қазақстанда жер сілкінісін тіркеді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 46,07 градус, шығыс бойлық 53,30 градус. Магнитудасы mb=4,1. Энергетикалық класс K=9,2. Тереңдігі - 2 км. Жер сілкінісінің ошағы Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде болды.

Облыс орталығындағы тұрғындардың жер сілкінісін сезінгені туралы мәлімет жоқ.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қыркүйек 2024, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.