Атырау, 20 желтоқсан 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​Су тасқынын болжау және инфрақұрылымды дайындау: Олжас Бектенов үкіметке бірқатар тапсырма берді

997 просмотра

Су тасқынын болжау, елді мекендер айналасына топырақ үю және су жіберу каналдарын дайындау: Премьер-Министр министрлер кабинетіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Өңір әкімдіктері мен мүдделі мемлекеттік органдар инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтауға тиіс.
 
Су ресурстары министрлігі облыс әкімдерімен бірлесіп, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен салуды белгіленген мерзімде аяқтасын.

Цифрлық даму министрлігі 2025 жылғы ақпан айының соңына дейін министрліктер мен әкімдіктердегі мамандарды оқыта отырып, «Су тасқындарын болжау және модельдеу» ақпараттық жүйесін ендіруді қамтамасыз етуге тиіс.

Төтенше жағдайлар және Экология министрліктері 2025 жылғы 20 қаңтарға дейін осы жүйені қажетті деректермен толықтыруды қамтамасыз етсін.

Өңір әкімдері биыл күздің соңына дейін елді мекендер айналасында топырақ үю, құбырлар мен арықтарды тазалау, гидротехникалық құрылыстарды тексеру және су жіберу каналдарын дайындау жұмыстарын жүргізу қажет.

24 қыркүйек, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.