Атырау, 24 қыркүйек 16:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Аялдамада қазақ тілінде ақпарат болмағаны үшін арызданған қызылордалық тұрғын сотта жеңіп шықты

88 просмотра
Фото: Stan.kz

Қызылорда тұрғыны мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аялдамалардағы ақпараттық стендтерде мемлекеттік тілдегі мәліметтер болмағанына арызданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Талапкер өз арызында осы мәселе бойынша уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенін, бірақ нәтиже болмағанын көрсеткен.

Сотта анықталғандай, мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауапты серіктестікке аялдамаларға 26 ақпараттық стенд орнатуды тапсырған. Бірақ ақпараттық стендтің қазақ тіліндегі нұсқасы болмаған.

Сот талапкердің мемлекеттік тілде ақпарат алу конституциялық құқығы бұзылғанын ескере отырып, талап арызды қанағаттандырып, жауапкерді аялдамаларға мемлекеттік тілде ақпарат ілуге міндеттеді.

Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан жіберілген заңбұзушылықтар көрсетілген жеке қаулы шығарылды.

Бүгін, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.