Атырау, 19 қараша 10:40
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

«ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы Қиғаш өзеніне бекіре тұқымдас балығының 23,6 мың жас шабағын жіберді

760 просмотра
Сурет/ ҚМГ

«Магистральды су құбыры» ЖШС («ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) табиғатты жауапкершілікпен пайдалану қағидаларын негізге ала отырып, Қиғаш өзеніне бекіре тұқымдас қорытпа балығының жас шабақтарын жіберді, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Қиғаш өзеніне 23,6 мың қорытпа балығының жас шабақтарын жіберу шарасы Каспий теңізі мен оның жағалау аймағындағы биологиялық түрлерді сақтау мақсатында іске асып отыр.

Қорытпа балығының шабақтарында Қиғаш өзені ихтиофаунасына қауіп төндіретін жұқпалы және паразиттік аурулардың жоқтығына көз жеткізу үшін олар алдын-ала тексерістен өтті.

Қиғаш өзенінің балық ресурстарын толықтыру жұмысы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылды.

«Магистральды су құбыры» ЖШС «Астрахань — Маңғышлақ» магистральды су құбырының меншік иесі және Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындарына, мұнай-газ өндіру және өзге де өнеркәсіп кәсіпорындарына су беру үшін Қиғаш өзенінен су тартып, таратады.

24 қыркүйек, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.