Атырау, 11 қаңтар 05:49
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

385 просмотра
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қабылдау барысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Жанат Элиманов сонымен қатар заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты.

Соңында президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

24 қыркүйек 2024, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.