Атырау, 24 қыркүйек 14:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

​Адамдардың эмоциясын түсінеміз - Бектенов су тасқынына байланысты өтемақы мөлшері туралы​

92 просмотра

Үкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің 12 өңірі зардап шеккен тасқынының ауқымын атап өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.   

"Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Мәселен, өтініш берген барлық отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Келтірілген залалды бағалау жұмыстарынан соң қираған немесе бүлінген мүлік үшін 150 АЕК-ке дейін өтемақы төленді. Сонымен қатар отбасыларға 9 мыңнан астам үйді жөндеуге қаражат төленіп, нарықтан 6 мыңға жуық пәтер мен үй сатып алынды", - деді О.Бектенов.  

Бүгінгі таңда 2 576 үй салынды, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы 104 нысанда жұмыстар бітуге жақын.

Үкімет басшысы жаңа тұрғын үйлерді тез арада аяқтап, баспаналарды тұрғындарға тапсыру қажеттігіне назар аударды.

Олжас Бектенов жедел желі жұмысын тоқтатпай, қалпына келтіруге қатысты жергілікті халықтың  сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді тапсырды.
  
«Қиын-қыстау кездегі адамдардың эмоцияларын түсінеміз. Кейбір тұрғындар тарапынан өтемақы сомасына, шығынды анықтау, баспана таңдау және жөндеу жұмыстарына қатысты сұрақтар туындады. Әр проблеманы жеке алып қарауға тырыстық. Қабылданып жатқан шаралар зардап шеккен әр отбасының пікірін барынша ескере отырып, іске асырылуда. 

Бүгінде, кейбір азаматтарда сұрақтар мен проблемалар болуы мүмкін. Сондықтан әкімдіктерге жедел желі жұмысын тоқтатпай, жергілікті халықтың сұрақтарын шұғыл қарап, шешуді тапсырамын», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.