Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Нұртас Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды деп хабарланды.