Атырау, 24 қыркүйек 14:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

​Жамбыл облысында полиция департаменті басшысы мен төрт орынбасары ауыстырылды​

108 просмотра
Сурет: polisia.kz

Мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту және “заң мен тәртіп” қағидатын нығайту бойынша берген тапсырмасын іске асыру аясында, сондай-ақ Жамбыл облысы полиция департаментінде жүргізілген ІІМ инспекторлық тексеру қорытындысына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.

Облыстық полиция ведомствосының жаңа бастығы болып бұрын көліктегі полиция департаментін басқарған Бақытжан Малыбаев тағайындалды.

ПД бастығының бірінші орынбасары қызметіне Мақсат Қанапяев, ал орынбасарлары болып Бауыржан Жанаев, Жайдарбек Құттыбаев және Мұхтар Аманбеков тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі полиция жұмысын оңтайландыру және оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды жалғастырады.

Бүгін, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.