Атырау соты қарсы жолаққа шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан жүк көлігінің жүргізушісіне үкім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Атырау-Дамбы жолында болған апаттан бір отбасынан - ер адам мен кәмелетке толмаған қыз бала қаза тапқан болатын. КамАЗ-бен соқтығысу салдарынан көліктегі басқа жолаушылар ауыр жарақат алды.
Сот барысында жәбірленушілер сотталушыға кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамады.
КамАЗ жүргізушісінің кәмелет жасына толмаған балаларының барын және жәбірленуші тарапқа мүліктік, моральдық залалды ерікті түрде өтегенін ескеріп, оған көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын берді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА