Атырау, 23 қаңтар 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 505.71
€ 591.43
₽ 6.65

Қашағандағы күрделі жөндеу жұмыстары белгісіз мерзімге шегерілді

940 рет қаралды

Бұл туралы сарапшы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

«Бұрын болжағанымыздай, осы жылдың қазан айына жоспарланған Қашағандағы күрделі жөндеу жұмыстары белгісіз мерзімге кейінге шегерілді», - деп жазады Жұмағұлов.

Мердігерлерден техника мен қызметкерлерді жұмылдырмауды сұрайды. Сарапшы олардың шығыны өтеледі деп үміттенеді.  Жөндеу жұмыстарын кейінге қалдырудың бір себебі - жылу беру маусымында экономиканы тауарлық газбен қамтамасыз ету.

Солтүстік Каспий жобасының операторы бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.  Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстары жоспарланғандай 3 қазанда басталады деп сендірген болатын.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

24 қыркүйек 2024, 02:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.