Атырау, 23 қыркүйек 18:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Қазақстан түрік компаниясынан 5,9 млрд теңгені қайтарып алды

87 просмотра

Қазақстан «Құрты-Бурылбайтал» автожолын жөндеуге уәде берген түрік компаниясынан 5,9 миллиард теңге авансты сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділет министрлігінің ақпаратынша, 2021 жылғы 25 қазанда Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «F&A Road Construction» компаниясымен «Құрты-Бурылбайтал» автожолын жөндеу туралы келісімшарт жасасқан. Техниканы жұмылдыру және материалдарды дайындау үшін түрік компаниясына 5,9 миллиард теңге аванс аударған. Алайда түрік мердігері жөндеу жұмыстарын бастамаған. Қазақстан тарапы жарты жылдан кейін келісімшартты біржақты тәртіппен бұзып, авансты қайтаруды талап еткен. Бірақ түрік компаниясы мұны орындамаған.

«Үкіметтің тапсырмасымен Әділет министрлігі мердігерге қарсы төрелік бастап, ақшаны қайтару үшін белсенді шаралар қабылдады. 2024 жылғы сәуірде «White & Case LLP» заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берілді. Жұмыс барысында мемлекеттің ақшасын қайтаруға басымдық жасалды. Нәтижесінде 2024 жылғы маусымда мердігер бітімгершілік келісім бекітуді ұсынды, ал 2024 жылғы 28 тамызда Автомобиль жолдары комитеті келісімге қол қойды. Осы Келісімге сәйкес мердігер 2024 жылғы 26 қыркүйекке дейін 5,9 миллиард теңге авансты қайтаруға, сондай-ақ Әділет министрлігінің шығындарын – қызметтер үшін 280 000 доллар және 85 000 доллар төрелік жарнаны өтеуге міндеттелді»,- деп мәлімдеді Әділет министрлігі.

Ведомство жол мердігерлерінің міндеттемелерді орындамаумен және авансты қайтармауымен байланысты осыған ұқсас тағы үш әлеуетті дау барын атап өтті.

Бүгін, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.