Атырау, 23 қараша 00:17
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Неке бұзудан бас тартылды

837 просмотра

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Д.-ның жауапкер С.-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай, тараптар 2008 жылдан бастап заңды некеде тұрған және ортақ некеден кәмелетке толмаған үш балаcы бар.

Талап қоюшы талап қоюында жауапкермен мінездері келіспейтіндігін, бірлесіп өмір сүру мүмкін емес екендігін көрсетіп, арадағы некені бұзуды сұраған.

Азаматтық істі қарау барысында жауапкердің қазіргі таңда жүкті екендігі, сондай-ақ аталған талап қоюмен келіспейтіндігі анықталған.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодесінің 16-бабының 2-бөлігіне сәйкес, зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз некені бұзуға болмайды. Осы негізде талап қоюшы Д.-ның талабы қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қыркүйек, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.