Атырауда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант және 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алып, өз ісін ашқан кәсіпкерлер арасында көрме-жәрмеңке өтті.
«Еңбек күніне» орай көрме орталығында өткізілген көрме-жәрмеңкеге Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 және №79 (ерлерге және әйелдерге арналған түзеу мекемелері) мекемелеріндегі жаза өтеуші сотталғандардың қолдарымен жасалған бұйымдар да ұсынылды.
- Жыл сайын сотталғандар өздерінің қолөнер бұйымдарын облыстық көрме - жәрмеңкелерге шығарып, жеке кәсіпкерлерге ұсынып келеді. Бүгінгі жәрмеңкеге №15 және №79 мекемесіндегі жаза өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтып отырған «Адай», «Белый квадрат», «АСМА», «Каусар», «Аменов» жеке кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты. Біз түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілердің жасаған бұйымдарын көрмегеге ұсыну арқылы сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 және №79 мекемелеріндегі жеке кәсіпкерлердің шығарып жатырған өнімдерін насихаттап, тұтынушылардың назарына ұсынудамыз. Көрмеге келген жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер қалаған бұйымдарға тапсырыс беруге мүмкіндік алды, - дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Айнагүл Қаражанова.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдегендей, көрмеде 70-ке жуық кәсіпкер өз өнімдерін ал, жәрмеңкеде 50-ден астам ірі мекеме 500-ге жуық ваканттық жұмыс орнын ұсынған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ