Атырау, 23 қыркүйек 15:27
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Ақтауда MMA файтерінің мәйіті қоқыстан табылды

141 просмотра
lada.kz

Ақтауда аралас жекпе-жек спортшының мәйіті қоқыстан табылды, деп хабаралады turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

20 қыркүйек күні Ақтауда 3-шағын ауданда файтер Вусал Жафаровтың мәйіті қоқыс контейнерінен табылды. Оның денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», – деді полиция департаменті.

Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, Вусал Жафаровты ұрып-соғып, ер адамның денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Бүгін, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.