Атырау, 23 қыркүйек 14:14
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Пәкістанда дипломаттар мінген кортежді алып жүрген полиция көлігі жарылды. Көлікте Қазақстан елшісі де болды

87 просмотра

Пәкістанда 12 мемлекеттің елшісі отырған кортежге ілесіп жүрген полиция көлігі жарылды. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

"22 қыркүйекте Хайбер-Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттен келген елшілерді алып жүрген полиция көлігін мина жарып жіберді, дипломатиялық корпустың өкілдері зардап шеккен жоқ, елшілер Исламабадқа жеткізілді. 

Елшілер Исламабад Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сват қаласына бара жатқан", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. СІМ ресми өкілінің сөзінше, колонна құрамында Қазақстан елшісі де болған. 

Смадияров Қазақстан елшісі де, басқа шетелдік елшілер де зардап шекпегенін, оларға қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Автор: Айзат Ермекқызы Тағы да оқыңыздар: 

Бүгін, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.