Атырау, 24 қараша 03:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ: Украина шабуылдаған Ресейдің Тихорецкідегі қоймасында Солтүстік Корея снарядтары болған

382 просмотра
Сурет/azattyq.org

Азаттықтың Орыс қызметі Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк ауданы маңындағы оқ-дәрі қоймасының өрттен кейін спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Видеода 20 және 21 қыркүйектегі суреттер салыстырылған, онда Украина әскерінің қоймаға дронмен шабуыл жасағанға дейінгі мен кейінгі көріністері бар, деп жазады Азаттық радиосы.  

АҚШ бұл қоймада Украинадағы соғысқа жіберейін деп жатқан оқ-дәрілер сақталған деп мәлімдеді. Вашингтонның ақпаратынша, снарядтар Ресейге Солтүстік Кореядан жеткізілген.

Тихорецкідегі жергілікті биліктің мәліметінше, 22 қыркүйекте жедел қызмет өкілдері оқиға орнында жұмысын жалғастырған. Жергілікті тұрғындар Тихорецкіден 10 шақырым жерде снаряд сынықтарын тауып жатқанын хабарлады.

Тихорецк ауданы басшысы Анатолий Прилепин "аумақта жарылғыш заттар бар-жоғы толық анықталғанға дейін егіс алқабында жұмыс істеуге тыйым салынады" деп хабарлады.

Азаттықтың Орыс қызметі Ресейдің Тверь облысы Октябрь ауылындағы Украина дрондары шабуыл жасаған Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты бас зымыран-артиллерия басқармасы 23-арсеналының спутниктен түсірілген суреттерін де жариялады.

Арсеналдың солтүстік бөлігінде оқ-дәрілер сақтайтын орындардың жартысынан көбі толық өртеніп кеткен, ал оңтүстік жағына тимеген. Бұған дейін Ресейдің Тверь облысы Торопец қаласындағы 107-арсеналға шабуыл жасалған.

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Тихорецк пен Тверь облысындағы Торопецтегі оқ-дәрі қоймалары 21 қыркүйекке қараған түні дрондар шабуылынан кейін өртенді. Украина қарулы күштерінің бас штабы түнгі шабуыл Ресейдегі мыңдаған тонна оқ-дәрі сақталған екі әскери қойманы жойды деді.

23 қыркүйек, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.