Атырау, 23 қыркүйек 12:33
 ашықВ Атырау +22
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

97 просмотра
Сурет/azattyq-ruhy.kz: Абылай Мырзахметов

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы А.И. Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды.

Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

Жалпы, а.ж. басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және Агенттіктің ерекше бақылауында.

Бүгін, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.