Атырау, 20 желтоқсан 00:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі

506 рет қаралды

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Республикалық референдум туралы Заңға сәйкес, дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл 12 244 683 адам. Тиісінше, жартысы 6 122 342 адам.

"Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оның оң шешімі үшін дауыс беру нәтижесінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі", - деп хабарлады ОСК. 

Референдумға қанша қазақстандықтың АЭС салуды жақтап немесе қарсы дауыс беретіні дауыс беру күні – 6 қазандағы жалпы халықтың қатысу нәтижесіне қарай белгілі болады.

Еске салайық, атом электр станциялары бойынша референдумға арналған бюллетеньде қазақстандықтардан бір сұраққа жауап беру сұралады: "Сіз Қазақстанда АЭС салынуына келісесіз бе?"

Жауаптың екі нұсқасы болады: "Иә, келісемін" немесе "Жоқ, келіспеймін". Дауыс беру бюллетенінің қандай болатынын мына жерден көруге болады.

23 қыркүйек 2024, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.