Атырау, 23 қыркүйек 12:33
 ашықВ Атырау +22
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды​

Бейнежазба
118 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмыс жасалғаннан кейін қаскүнем жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.

Осы жылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Бүгін, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.