Астана қаласының "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолында еліміздің өңірлерінен тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде өз өнімдерін бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының аграршылары ұсынды.
Аталған ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Қызылқоға ауданынан Ойыл ауылдық округіне қарасты “Орынбасар” ШҚ, Тасшағыл ауылдық округіне қарасты “Тасшағыл” ӨК , Мұқыр ауылдық округіне қарасты “Қасым” ШҚ қатысып, 500 кг ет өнімін апарды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА