Атырау, 23 қыркүйек 11:36
 ашықВ Атырау +28
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Сырдария өзенінде суды автоматты есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет анықталды

93 просмотра

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, министрлер Сырдария өзеніндегі су бекеттерін автоматтандыру мен суды есепке алуды цифрландыру жөнінде сөйлесті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан заманауи суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет туралы келісімге келді. Нұржан Нұржігітов халықаралық қаржы ұйымдарымен және компаниялармен жобаны бірлесіп іске асыру бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар келесі жылғы суару маусымына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс тәртібін талқылады. 

Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының алдағы отырысында су қоймалары жұмысының болжамды кестесі жасалып, су беру көлемі бекітілетін болады. 

Бүгін, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.