Атырау, 23 қараша 00:22
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Электрмен жабдықтаудағы үзілістер А​МӨЗ-дегі жекелеген технологиялық қондырғыларды тоқтатты

903 просмотра

21 қыркүйекте сыртқы электрмен жабдықтау жүйесіндегі үзілістерге байланысты АМӨЗ-де зауыттың жекелеген технологиялық қондырғылары тоқтатылды.

Оқиға кезінде зауыттың қалған технологиялық қондырғыларының жұмысы, сондай-ақ кәсіпорынның құбыр жүйесіндегі қысымның қажетті деңгейі АМӨЗ-нің жеке жылу-электр орталығымен қамтамасыз етілді.

АМӨЗ дегі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінде болған оқиғаның себептері мүдделі тараптармен бірлесіп шешілуде.
Кәсіпорындағы жағдай бақылауда.

Қазіргі уақытта зауыттың сыртқы электрмен жабдықталуы тұрақтандырылды, тоқтаған технологиялық қондырғыларды іске қосу-реттеу, одан әрі тұрақты өндірістік режимге шығару жұмыстары жүргізілуде.

АМӨЗ жинақталған қор есебінен тұтынушыларға әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтуді жалғастыруда.

22 қыркүйек, 00:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.