Атырау, 11 қаңтар 07:06
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

«Бекіре – 2024» іс-шарасы: 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

1 067 просмотра

Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек – 31 қазан аралығында броконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Іс-шара кезінде теңіздегі заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған балық қорғау инспекциясымен бірлесіп автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқаруда. 
Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталып, 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылық бойынша 2 автокөлік тәркіленіп, аулаға қойылып, 21 айғақ зат балық аулау құралдары анықталды. 356 келі болатын заңсыз балық өнімдері және 270 келі бекіре балығы тәркіленіп «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылған.

21 қыркүйек 2024, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.