Атырау, 10 қазан 04:09
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

​Астанадағы LRT құрылысы бойынша тіректерді тұрғызу жұмысы толықтай аяқталды

733 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CTS-тің мәліметінше, оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылды.

Тіректерді құю үшін 53,7 мың текше метр бетон және 42 мың тонна арматура жұмсалды. Тіректің төменгі бөлігінің ені - 2-2,4 метр, жоғарғы бөлігі - 6,8 метр, биіктігі эстакада жолының өтетін жеріне байланысты 5-тен 18 метрге дейін, бір тіректің орташа салмағы - 200 тонна.

Қазақстандық стандарттар бойынша В45 класындағы М600 маркалы бетон қолданылады. Айта кетерлігі, В45 класындағы бетон гидроэлектростанцияларды, бекініс құрылыстарын, бункерлерді, метрополитен, ауыр металлургия кәсіпорындарын, химиялық, ғарыштық, қорғаныс зауыттарын, атом энергетикасы объектілерін салуда қолданылады.

20 қыркүйек, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.