Атырау, 10 қазан 03:12
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Илон Масктың жазбасына байланысты тергеу басталды

761 просмотра

Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын қорғауға жауапты АҚШ Құпиялық қызметі бизнесмен және Х әлеуметтік желінің иесі Илон Масктың твитіне байланысты тергеуді бастады. Бұл туралы KAZINFORM шетелдік басылмдарға сілтеме жасап хабарлады.

Маск тағы бір әлеуметтік желі қолданушысының твитін қайта жариялады, онда ол: «Неге олар Дональд Трампты өлтіргісі келеді?» деп жазған. SpaceX негізін қалаушы өз атынан: «Ешкім тіпті Байденді/Камаланы өлтіруге тырыспайды» деп қосты. Кейін Илон Маск бұл твитті «әзіл» деп атады. Дегенмен, жазбаны ондаған миллион X қолданушылары, соның ішінде Құпия қызмет қызметкерлері көріп үлгерген.

Құпиялық қызмет «қауіп бар-жоғын анықтау» мақсатында тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Bloomberg. 

Твитті жойғаннан кейін Илон Маск былай деп жазды: «Мен бір нәрсе үйрендім: мен бір топ адамдарға бірдеңе айтсам, олар күледі, бірақ бұл X жазбасындағы сияқты күлкілі болады дегенді білдірмейді». 

Америка Құрама Штаттарының президентін немесе вице-президентін қорқыту үлкен айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін ауыр қылмыс болып табылады. Тергеу Илон Маск міндетті түрде жауапқа тартылады дегенді білдірмейді, бірақ ол, ең алдымен, Джо Байден мен Камала Харриске қауіп төндірмейтінін дәлелдеу керек, деп атап өтті Axios.

Ақ үй Масктың жазбасын айыптап, оны «жауапсыз риторика» деп атады. АҚШ президентінің әкімшілігі «Зорлық-зомбылықты тек айыптау тиіс екенін, оны көтермелеуге немесе мазақ етуге болмайтынын» ескертті.

20 қыркүйек, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.