Атырау, 10 қазан 03:59
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Пейджерлер мен рациялардың жарылуын "Хезболла" жетекшісі "соғыс жариялау" деп атады

697 просмотра

"Хезболла" тобының (АҚШ пен Батыс елдерінде террорлық ұйым деп танылған) жетекшісі Хасан Нассралла Ливанда пейджерлер мен рациялардың жарылуына Израильді айыптап, мұны "соғыс қылмысы я соғыс жариялау", "қызыл сызықтан аттау" деп атады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Ол Ливанда 4 мың пейджер мен рация жарылғанын, бұл жарылыстан жазықсыз адамдар мен балалар зардап шеккенін айтты. Нассралла кейбір пейджерлер істен шығып, кейбір пейджерлер өшіп, көп адам аман қалды деп отыр. "Хезболла" лидері бұл жағдайға қарамастан Газадағы соғыста ХАМАС ұйымын (АҚШ пен Еуропа одағы террористік ұйым деп таныған) "қолдай береміз" деп мәлімдеді.

17-18 қыркүйекте Ливанда "Хезболла" ұйымының пейджерлері мен рациялары жарылып, кемі 37 адам қаза тапқан. Үш мыңнан аса адам жараланған.

"Хезболла" мен оны қолдайтын Иран шабуылға Израильді айыптаған еді. Бірақ Израиль тарапы бұл айыптауға қатысты әзірге ештеңе айтқан жоқ.

20 қыркүйек, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.