Атырау, 11 қаңтар 06:56
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қазақстанға суық антициклон жақындап келеді

881 просмотра
Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы демалыс күндері батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

22 қыркүйектен бастап Скандинавия аймақтарынан антициклонның екпіні елдің батысына тарай бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтауына әкеледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және республика орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

"Ауа температурасы күндіз республиканың батысында +20...+25-тен +15...+20, солтүстікте +17...+22-ден +8...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.


20 қыркүйек 2024, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.