Атырау, 20 қыркүйек 15:42
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

"Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма?" - Қорғаныс министрі

111 просмотра

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке құраммен жұмыс кезінде қателіктер жіберген генералдар мен әскери шенеуніктерге сөгіс жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ беттерінде Руслан Жақсылықовтың генелардар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып, қызметінен босатқане видеосы тарады.

“Біз Беларуське айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек”, – деп ескертті қорғаныс министрі.

Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың лауазымын атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты. Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.

“Кешіріңіздер, бірақ мен сіздердің тарапыңыздан бақылаудың жоқтығын айтып, үнемі нұсқап отыруым керек пе”, – деді министр. 

Бүгін, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.