Атырау, 21 желтоқсан 21:25
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Астанада есірткі зертханасы жойылды

793 просмотра

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілді. Сот тергеуі барысында сотталушының темір контейнерді жалға алғаны анықталды. 

Осыдан кейін ол қала сыртында құны 2 млнтеңге жер телімін сатып алып, аталған контейнерді психотроптық заттарды шығаратын зертхана ретінде жабдықтап, орналастырған. Кінәлі тұлға қылмыстық әрекетке екісыбайласын тартқан.

Тергеу барысында астыртын зертханадан алынған 24 кг астам психотроптық заттар жойылды.

Нәтижесінде сот елорданың үш тұрғынын аса ірі көлемде психотроптық заттардың аналогын сату мақсатында заңсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәлі дептанып, 10 жылдан 11 жыл 3 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.

20 қыркүйек, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.