Жылыой ауданы Құлсары қаласында "Қыздар бар, квартира өзімізден" деген жарнама пайда болды.
Қыздардың "қызмет" көрсету бағасы да көрсетілген. Осыған орай Атырау облысы ПД "аталған жазбаға қатысты Жылыой аудандық полилиция бөлімі жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізіді. Тергеп-теусеру амалдары жүруде", деп хабарлады.
Айта кету керек, қазір Жылыой аудандық полиция бөлімі «Stop Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА