19 қыркүйекте 16 сағат 43 минутта Сары-арқа көшесі, 40 үй мекенжайынан алтыншы қабаттан бала құлау фактісі бойынша жедел жәрдемге шақырту түсті.
Оқиға орнына жедел жәрдем дер кезінде жеткенде 2020 жылы туылған бала өте ауыр халде болған. Барлық реанимациялық шаралар жасалынды. Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерден дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Алайда алынған шараларға қарамастан бала қабылдау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ