"ӨМГ" АҚ бас директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары лауазымына Қуанышбек Алтынбекұлы Ақмұрзаев тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қуанышбек Ақмұрзаев 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясында маман ретінде бастап, Ақтау қалалық прокуратурасында маман, прокурордың көмекшісі, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімі бастығы, прокурор, облыстық прокуратура аппаратының басшысы, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да мерчендайзер болып еңбек еткен.
2018-2022 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алу инженері, Сатып алу бөлімінің басшысы, 2022 жылдан күні бүгінге дейін Сатып алу және жергілікті қамту департаментінің директоры болып қызмет атқарды.