Атырау, 11 қаңтар 08:39
 ашықВ Атырау +1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қазақстандықтар келесі жылдан бастап шенеуніктердің дүние-мүлкін көре алады

454 просмотра

2025 жылдан бастап қазақстандықтар саяси мемлекеттік қызметкерлер тапсырған декларацияны көре алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін көрсетуі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңмен реттеледі.

«Заңның 11-бабына сәйкес, жекелеген саяси мемлекеттік қызметшілер үшін декларацияның ашықтығы көзделген. Яғни олар келесі жылдан бастап декларациясын ашық жариялайды», - деді Біржанов мәжіліс кулуарында.

2025 жылдан бастап декларациясын ашық көрсететін саяси мемлекеттік қызметкерлерге мыналар кіреді:

  • саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • "А" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары;
  • Парламент депутаттары мен олардың жұбайлары;
  • Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
  • Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары;
  • квазимемлекеттік секторда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары.
19 қыркүйек 2024, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.