Атырау, 20 қыркүйек 02:49
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Кейбір қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алуға 8 жылға тыйым салынады

210 просмотра
Фото:freepik.com

Қазақстанда көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғандар жүргізуші куәлігін қайта алу үшін жеті не сегіз жыл емтихан тапсыра алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарап жатыр. 

Сенат депутаты Евгений Больгерттің айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылғандарға жеті-сегіз жылға жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. 

«ӘҚБтК-нің 608 (жүргізушінің көлікті алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) немесе ӘҚБтК-нің 613-баптары (алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған адамдарға қатысты тиісінше 7 немесе 8 жыл бойы көлік басқару құқығын алуға емтихан тапсыруға жіберуге тыйым салу енгізіледі», - деді ол сенаттың жалпы отырысында.
Кеше, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.