Атырау, 20 қыркүйек 02:50
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Солтүстік Қазақстанда үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған

200 просмотра
Фото:freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған оқушы қызын анасы пышақтап тастаған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зәкиеваның айтуынша, оқушы қыздың жасы 11-де. Баланың жағдайы ауыр. 

«Алдын ала болжам бойынша үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызын анасы пышақтап тастаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға апарды. Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Бұл істі аймақтық уәкіл өз бақылауына алды», - деп хабарлады Динара Зәкиева.
Кеше, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.