Атырау, 11 қараша 03:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ұшақ бұзылды (толықтырылды)

3 572 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет2-5 шілдеде «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматыға ұшу рейсін әлденеше рет орындамай, ұшу уақытын кейінге қалдырды. Әуе компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Тілек ӘБДІРАХИМОВТЫҢ айтуынша, бұл «техникалық» себептерге байланысты орын алған екен.

Әбдірахимов осынау бұлыңғыр тұжырымды түсіндіруден бас тартты:

Техникалық жай-жапсарын түгендеп жатпай-ақ қояйын, бәрібір одан ештеңе түсінбейсіз, мұны тек маман ғана түсінеді.

– Редакцияға қырсық шалған рейстердің екі жолаушысы хабарласты. Олар 4 шілдеде кешкі рейске қолдарында билеттері бар болса да ұша алмай қалғандықтарын айтты. Алдыңғы, күндізгі рейс екі сағатқа кешігіп ұшқан. Одан бір күн бұрын, 3 шілдеде де Алматыға баратын рейс орындалмапты. Ал 2 шілдеде Амстердамнан рейс  кешігіп келген. Сіздердің ұшақтарыңызға не болды?

– Мұның бәрі бір ұшақ, оны бір тәулікке Амстердамнан техникалық себептерге байланысты кідіртті. Ол жерде техникалық жұмыстар жүргізіліп, ол Атырауға аман-есен ұшып жетті. Бірақ сол олқылықтар Атырауда байқалып, оны детальдарды ауыстыру үшін қалдыруға тура келді. Бүгін біз Атырау уақыты бойынша сағат 02.00-де қалған 93 жолаушыны алып шығатын қосымша ұшақ енгіземіз (бұл 6 шілде болатын – З.Б.). Басқа рейспен ақаулы ұшақты ретке келтіру үшін қажетті деталь әкелінетін болады. Таяу уақыттарда ол қатарға қосылмақ.

Әуе компаниясы өкілінің кейінге қалдырылған рейстердің бұзылған бір ұшаққа тәуелді боп қалғаны туралы пікірі біздің оқырмандар ұсынған фактілермен сәйкес келмейді. Олар ұшу жолағында борт артына төгіліп қалған әлдебір зат туралы айтқан болатын:

–  Олардың бірі мұның керосин екенін жорамалдады, ал басқасы әуежай қызметкерлері өз күштерімен дереу жинап алған мол көпіршікті көргенін айтады. Бұл не болды?

Әбдрахимов осы егжей-тегжейге түсінік беруге дайын еместігін мойындап, жауапты дайындауға уақыт сұрады. Кешіктірілуге байланысты ықтимал тоғысу рейстерінің орындалмай қалуына қатысты өтемақы жөніндегі сұрақтарды редакция әуе компаниясына жолдады.

Кейінірек Әбдрахимов оқырмандардың хаттары мен редакция сауалдарына жазбаша түрде түсінік берді: «Атырау-Алматы 890А рейсі 4 шілдеде Боинг-767 ұшағының бұзылуына байланысты орындалмады. Екінші 890 рейсі сол күні ұшақтың кідіруіне байланысты 45 минутқа кешіктіріліп орындалды. Тиісінше, бірінші рейс жолаушыларының бір бөлігі сол күні Алматыға ұша алмады. Оларды жету нүктесіне тасымалдау үшін қосымша рейс енгізілді. Ұшақтардың біріне май құю кезінде отын төгіліп, өртенудің алдын алу үшін өртпен күрес машинасы шақырылды. Ол өртену қаупін жойды. Бірақ бұл ұшу уақытына еш әсер еткен жоқ.

Жолаушыларға өтемақы төлеуге қатысты клиенттермен жұмыс жөніндегі департаментке хабарласқан жөн. Олармен әуе компаниясының airastana.comсайты арқылы хабарласуға болады.

Жолаушылардан кешірім сұраймыз».

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 шілде 2013, 21:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.