Атырау, 19 қыркүйек 20:59
 ашықВ Атырау +8
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Атырау облысының әкімі Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын құттықтады

385 просмотра

18 қыркүйекте аймақ басшысы Серік Шәпкенов  XVII жазғы паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен және қатысушыларымен кездесіп, спорттағы жоғары жетістіктері үшін арнайы марапат табыстады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл паралимпиадаға қатысқан атыраулық спортшылар Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан қола жүлде алды. 

- Сіздерді спорт әлеміндегі дүбірлі дода, төртжылдықтың басты бәсекесінің бірі — Париж Паралимпиадасындағы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтап, жастарға жарқын үлгі бола білгеніңізге ризашылығымды білдіремін. Атырау жұрты ел намысы жолында аянбай тер төгіп, биік мақсаттарға көз тіккен өздеріңіздей еңселі перзенттерін мақтан тұтады. Алар асуларыңыз көп болып, қоржыныңыз жүлдеге толсын! Еңбегіңіздің жемісті, жолыңыздың жеңісті болуына тілекшімін!-деді С.Шәпкенов.

Шарада Серік Шәпкенов Атырау спортын дамытуға үлес қосып жүрген спортшыларға Алғыс хат пен  ақшалай сертификат табыстады.

Сонымен қатар паралимпиада  жеңімпаздары Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков пен бапкеріне «Infinity Eco Park» компаниясы «Zeekr» автокөлігін сыйға тартты.

Анықтама үшін: Париж олимпиадасында ұлттық құрама сапында 16 атыраулық спортшы өнер көрсетті. Облыста ерекше қажеттілігі бар 1 367 адам жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады.

Кеше, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.