Әлеуметтік желіде Атырау ықшамауданындағы дренаждан кәріз суы шығып, Жайыққа құйылып жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. Тұрғынның айтуынша, нәжіс араласқан сасық су төрт күннен бері өзенге қарай жырамен ағып жатыр.
-109 ға хабарлап ескерттік. Әлі нәтиже жоқ. "Арнаулы автобазаның" дренажға төгілген лас суын біз ішіп отырмыз, - дейді бейнежазба авторы.
Бейнежазбаға қатысты Атырау қаласы әкімдігі пікір білдірді.
- Бейнежазбада көрсетілген Атырау ықшамауданындағы айтылған жерге кеше кеште барып, тексеріс жүргіздік. Жайық өзеніне құйылып жатқан дренаждың ішіндегі су емес. Жерасты суының көтеріліп, өзенге қарай ағып жатқанын көрдік. Судың жолын бітеп, экология департаментіне судан сынама алу жөнінде тапсырма берілді, - деді Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ