Атырау, 23 қараша 02:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау мұнай өңдеу зауытында қазан айында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі

1 013 просмотра

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытында биыл 1 қазаннан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоспарлы алдын алу жұмыстары — бұл технологиялық қондырғылардың алдағы уақытта да қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қадағалау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мұнай өңдеу зауытында өткізілетін қалыпты процедура. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ зауыт тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2 000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.

Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету мақсатында АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің бүкіл желісі бойынша жеткілікті қор көлемі жинақталып жатыр. Мұнай өнімдері ішкі нарыққа ҚР Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады.

18 қыркүйек, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.