Ғалымдар қазақ руларын зерттеуге көшті. Алғашқысын Керей руынан бастаған, деп хабарлайды 24.kz.
Бұған дейін ел тарихшылары Керей мен кіші жүз құрамына кіретін Керейіт руының түп атасы бір деген болжам айтып жүрген еді. Мұны жас ғалым Мақсат Жабағин жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, қазақстандық генетиктер Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Ресейде тұратын 200-ден астам керей руына жататын этникалық қазақтардың ДНҚ сараптамасын алып, арнайы талдау жасаған.
Мақсат Жабағин, адам генетикасы лабораториясының жетекшісі, ғалым:
- Нәтижесін айтатын болсақ, Керейлермен қазіргі кіші жүздің Керейіттердің арасындағы әке жақтан генетикалық байланысы жоқ. Екеуі екі түрлі. Әке жақтан генетикалық тармақтары бөлек. Уақ, Қаракерей, Сіргелі сияқты әртүрлі шежірелерде көрсетілетін варианттарда да оның астарында байланысы жоқ екенін, басқа рулармен салыстарғанда Керейлердің Үйсін руымен жақын екенін көрсеттік.